Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет жұмысын сынға алды

Мемлекет басшысы Үкіметтің бағаны тұрақтандыруға бағытталған шаралары тиімсіз болғанын айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет жұмысын сынға алды
Фото: Ақорда 14.07.2022 11:08 1809

Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды El.kz

«Қазір инфляцияның шарықтап кетуі ең күрделі мәселе болып отыр. Бағаның өсуіне азық-түлік инфляциясы әсер етті. Оның деңгейі 19,2 пайызға жетті. Жалпы, азық-түліктің кейбір түрі бірден 80 пайызға қымбаттады. Үкіметтің бағаны тұрақтандыруға бағытталған шаралары тиімсіз болып шықты. Үкімет инфляцияны ескі әдіс-тәсілмен тоқтатқысы келеді», - деді Президент.

Президенттің айтуынша, Үкімет инфляцияны ескі әдіс-тәсілмен тоқтатқысы келеді.

«Оның өзінде бюджеттен қосымша қаражат бөліп, бағаны жасанды түрде ғана реттеп отыр. Яғни, қымбатшылықтың себебімен емес, салдарымен күрес жүріп жатыр. Ал, шын мәнінде, керісінше болуы керек. Үкімет бар жауапкершілікті өңірлерге артып қойды. Олар әкімшілік ресурсты пайдаланып, дүкендерді аралап жүр, басқа тәсілдер және жаңа идеялар жоқ. Мұндай жұмыс ешқашан тиімді болған емес. Бір сөзбен айтқанда, нарық заңдылығына сай келетін жаңа ұстаным жоқ», - деді Президент.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға