Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Заң мен тәртіп – ішкі тұрақтылықтың бірден-бір кепілі

Қасым-Жомарт Тоқаев: Заң мен тәртіп – ішкі тұрақтылықтың бірден-бір кепілі
16.06.2022 16:47 2097

Заң мен тәртіп – ішкі тұрақтылықтың бірден-бір кепілі. Онсыз қоғамның дамуы мүмкін емес. Сондықтан, бұл қағида біздің ең басты бағдарымыз болуға тиіс. Бұл туралы мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда айтты,- деп хабарлайды El.kz.

– Жалпы, отбасын асырау үшін табанды еңбек етіп жүрген, заңға бағынатын адамдар құрметке ие болуы керек. Өкінішке қарай, бізде көше бұзақылары, жауапкершіліктен жұрдай блогерлер және масылдық пиғылмен айқай шығаратын адамдар бүгінгі күннің батырына айналды. Депутаттар мен атқарушы билік өкілдері соларға ғана баса мән беретін болды. Түрлі деңгейдегі шенеуніктер солардың ғана талабын орындауға жүгіреді,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, орталықтағы және аймақтардағы билік барлық азаматтың мұң-мұқтажына бірдей қарауға тиіс. «Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» көмегіне сеніп отырған, заңға бағынатын қарапайым жұрт назардан тыс қалмауы керек. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға