Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ мемлекеті аман тұрғанда, қазақ тілі жасай береді

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ мемлекеті аман тұрғанда, қазақ тілі жасай береді
16.06.2022 17:11 2570

«Мемлекеттік рәміздерімізге, ана тілімізге деген құрмет әрқашан жоғары болуы тиіс. Қазақ тіліне қатысты алаңдаушылық елдегі жағдайды дұрыс түсінбегеннен туындап отыр». Бұл пікірді мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай барысында айтты,- деп хабарлайды El.kz.

Президенттің пікірінше, шын мәнінде, бұрынғы ахуал мен қазіргі кезеңді мүлде салыстыруға келмейді. Мемлекеттік тілдің тұғыры күн өткен сайын нығайып келеді. Оған қоса, әлемнің басты ақпарат құралдары қазақша шығып жатыр.

– Жақында әйгілі «APPLE» компаниясы қазақ тілін iOS-тың тілдер жүйесіне қосты. Әлемнің 40 тілінде тарайтын «NICKEL ODEОN» телеарнасы қазақша көрсетіле бастады. Жастардың бастамасымен «NATIONAL GEOGRAPHIC» журналы 6 жылдан бері ана тілімізде жарық көруде. Осындай көптеген жағымды жаңалықтар бар. Сондықтан, қатты алаңдауға негіз жоқ деп ойлаймын. Десек те, осы саладағы жұмысымызды даңғаза жасамай, табандылықпен жүргізуіміз қажет. Қазақ мемлекеті аман тұрғанда, қазақ тілі жасай береді. Бұған ешқандай күмән болмауы керек.,- деді мемлекеті басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға