Жаңалықтар

Асылы ОСМАН: «Бірлікті қадірлеуіміз керек»

Қазақстан халқы Ассамблеясы
28.04.2016 11:11 5382

   Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты XXIV сессиясына келген қатысушыларынан el.kz сайтының журналистері алған пікірлерді ұсынамыз.

Асылы ОСМАН: «Бірлікті қадірлеуіміз керек»

Белгілі қоғам қайраткері, ғалым, тіл жанашыры Асылы ОСМАН: 

— Биылғы жыл ерекше. Ерекшілігі — Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл толуында. Егер Қазақстан қол жеткізген қандай да бір жетістік болса ол — тәуелсіздіктің арқасы. Мен өз өмірімнен мысал келтіре аламын. 1944 жылы бізді жер аударып, қазақ жеріне келген шағымызда қазақтар бізбен жартысын жарып, бүтінін бөліп жеген болатын.«Жақсылықты ұмытпа шаттық үшін, жамандықты ұмытпа сақтық үшін» деген керемет сөз бар. Бұл жақсылығын мен ешуақытта ұмытпаймын.  Қазақстан тәуелсіздігі мен үшін тұғыры биік шың. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Тіліміз ғұмырлы болсын! Елбасымыз «Қазақстанда тұратын осыншама ұлт пен ұлт өкілдері бірлікте болсын» деген мақсатта осы жиынды ұйымдастырып отыр. Қазақстан халқы Ассамблеясының жиынына менің келу мақсатым — «қазақ» деген ұлттың, топырақ иесінің тілін білсе екен, әдебиетін, мәдениетін ұқса екен, тарихына бойласа екен деген ой. Қазақ деген халық — даласындай дархан, тумасынан таза, арамдықтан ада, қиянаттан шет, баршаның баласын бауырына басқан, ерекше халық! Мен қазақ ұлтын ешбір ұлтқа теңей алмаймын. Жыл сайын өткізілетін сессияда үлкен мән бар. Өйткені халықтың бірлігіне ешнәрсе жетпейді. Бұл бірлікті біз қадірлеуіміз керек. Қадірлеп қана қоймай, халыққа осыны ұғындыруымыз керек. Міне осы мақсатпен ат терлетін Алматыдан Астанаға арнайы келіп отырмын.


Рүстем ӘЛПИ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға