Асылхан Көшербай U19 әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК
03.11.2024 10:48
586
АҚШ-тың Пуэбло қаласында өтіп жатқан U19 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында отандасымыз аустралиялық Купер Макконалмен өзара алтынды сарапқа салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
65 келі салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткен Асылхан Көшербай финалдық бәсекеде қарсыласынан айласын асыра алмады. Нәтижесінде Купер Макконал 2:3 есебімен жеңіске жетті. Ал қазақстандық спортшы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Айта кетейік, осыған дейін 85 келі салмақ дәрежесі бойынша Даниял Райымбеков те күміс медалді қоржынға салған еді.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Азия чемпионаты: Екі палуан қызымыз жүлдесіз қалды