Жаңалықтар

Асылбек Боранбаев алғаш рет әйелі туралы құпияны ашты

Асылбек Боранбаев алғаш рет әйелі туралы құпияны ашты
Фото: instagram.com/boranbay_a 11.05.2023 10:50 11183

Халыққа "Тамаша" ойын-сауық орталығы арқылып танылып, кейін театр және кинодағы рөлдерімен белгілі болған Асылбек Боранбаев "Алғашқы" жобасында жеке өміріндегі көпшілік біле бермейтін сырларымен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Жұбайдан жолы болған жігіттердің бірімін. Әртістік өміріме шыдайтын бір адам болса, осы жұбайым шығар деп ойлаймын. Ұлты қазақ емес, ұйғыр. Бірақ шешесі - қазақ, отбасымен барлығы қазақша сөйлейді. Қазақ мектебінде оқыған. Қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ та берген. Жаны қазақ. Бес баланың әкесімін, - дейді Асылбек Боранбаев.

Сондай-ақ ол балаларына оғаш мінезін, қисық жүрісімді көрсетпеуге тырысамын деп айтты.Қыздарыммен сырласамын, керек болса, олар анасына айтпаған сырларын менімен бөліседі деп отыр. 

Еркелетемін, арасында ұрсып та аламын. Шапалақпен сарт еткізуім де мүмкін. Ондай-ондай болады", - дейді актер. Асылбек Боранбаев аралас некеге де қарсы еместігін жеткізді. "Қандай ұлт өкілі болса да, мұсылманның қызын алып, мұсылманның жігітіне шығып жатса... Айтарлықтай қарсылығым жоқ. Дей тұрғанмен, өзіміздің қазақтан алса деп үміттенемін, - дейді актер.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға