Жаңалықтар

Асық атудан «Қазконтент» АҚ кубогының иегерлері анықталды

Ақпарат және байланыс қызметкерлерінің күні қарсаңында елімізде тұңғыш рет «Қазконтент» АҚ-ның кубогын иелену мақсатында БАҚ өкілдерінің арасында «Асық ату» жарысы өте жоғары деңгейде өтті.
25.06.2015 09:37 7480

Ақпарат және байланыс қызметкерлерінің күні қарсаңында елімізде тұңғыш рет «Қазконтент» АҚ-ның кубогын иелену мақсатында БАҚ өкілдерінің арасында «Асық ату» жарысы өте жоғары деңгейде өтті. «Хан Шатыр» ойын-сауық және сауда-саттық орталығында өткен жарыс El.kz әлеуметтік желісінде тікелей көрсетілді. 

Асық атудан «Қазконтент» АҚ кубогының иегерлері анықталды

Асық атудан «Қазконтент» АҚ кубогының иегерлері анықталды

Ерлер «бес табан» ойнаса, қыздар «бес асық» (бес тас) ойыны бойынша сынға түсті. Бұл журналистердің төл мерекесінде өткен ең қызықты шаралардың бірі еді. Қаламы қарымды журналистер ақпараттық әбжілдігінен бөлек асық атудан мергендігімен де танылды.

Асық атудан «Қазконтент» АҚ кубогының иегерлері анықталды

Жарысқа қатысушылар: «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ, «Қазақстан» арнасы, «Казахстанская правда» және «Егемен Қазақстан» республикалық газеттері, Бас редакторлар клубы, «Қазинформ» халықаралық ақпараттық агенттігі», «Астана» арнасы және «Қазконтент» АҚ.

Асық атудан «Қазконтент» АҚ кубогының иегерлері анықталды

«Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасы, «Асық ату» республикалық федерацияның Президенті Қыдырма Айдос Арғынбайұлы:

«Шараны өткізудегі басты мақсат – жас буын арасында «Асық ату» ұлттық ойынын насихаттау, ұлттық спортты дамыту және халықты салауатты өмір салтына шақыру», – деп жарысты ресми түрде ашып берді. 

Асық атудан «Қазконтент» АҚ кубогының иегерлері анықталды

«Асық ату» турниріне «Ерке-Нұр» тобы биден шашу шашып, жиналған жұртшылыққа керемет көңіл-күй сыйлады.  

Асық атудан «Қазконтент» АҚ кубогының иегерлері анықталды

Турнир барысында Қазақстан Дизайнерлер одағының мүшесі Айдархан Қалиевтің «ASPARA» сауда белгісі үшін «Ұлы Даланың Қауырсындары» атты жаңа коллекциясының көрсетілімі болды. Коллекцияны жасау идеясы «нео-фольклор» стилі, көшпенділердің киім тігу өнері мен дәстүрі және «Жаз-2015» маусымының сән үлгісі тенденцияларының негізінде жасалды. 

Асық атудан «Қазконтент» АҚ кубогының иегерлері анықталды

Қыздар арасындағы «бес асық» ойыны бойынша жарысқа түскен жұптар арасында «Қазақстан» ұлттық арнасының қызметкері Айнұр Шәмшейітова 3-орынды иеленді. 

«Бес асық» бойынша «Қазинформ» агенттігінің журналисі Сая Жарылқасын жүлделі 1-орынға ие болды.

Асық атудан «Қазконтент» АҚ кубогының иегерлері анықталды

«Асық ату» турнирінің жеңімпаздары да анықталды. «Астана» телеарнасы командасының жігіттері бұл турнирдің үздігі атанды. 

Асық атудан «Қазконтент» АҚ кубогының иегерлері анықталды

Күміс жүлде  «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ командасына бұйырды. Барлық қарсыластарын оңай айналып өткен командаға финалда сәттілік жетіспеді. 

Үшінші орынға иелік еткен «Егемен Қазақстан» командасы. Олар үшінші орын үшін таласта «Қазақстан» арнасы жігіттерімен кездесіп, басым түсті. Бұл жарыс журналистер арасында дәстүрге айналып, жыл сайын өткізіліп тұратыны анық.


Әзірлеген: Жандос Смайлов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға