Жаңалықтар

«Асық ату» республикалық турнирінің жеребесі өтті

Бүгін «Қазконтент» АҚ ғимаратында еліміздің белді бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері арасындағы «Асық ату» республикалық турнирінің қатысушылары арасында жеребе өтті.
10.07.2015 06:26 10133

Бүгін «Қазконтент» АҚ ғимаратында еліміздің белді бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері арасындағы «Асық ату» республикалық турнирінің қатысушылары арасында жеребе өтті. Дода төрешілері өткізген бұл рәсімге қатысушы командалардың капитандары қатысып, алғашқы ойында қай командамен өткізетін анықтады. Турнир екі ойын түрінен болады: ерлер арасында – бес табан, қыздар арасында – бес асық. Сонымен, қатысушы командалар мен олардың капитандарымен таныс болыңыздар.

1. «Қазақстан» РТРК АҚ құрамасы: Айнұр Шәмшейітова (капитан), Рүстем Жүнісов, Жасұлан Базарбеков, Мұхамедәлі Болатұлы, Асхат Асқанбек.

«Асық ату» республикалық турнирінің жеребесі өтті

2. «Қазинформ» АҚ құрамасы: Ризабек Нүсіпбек (капитан), Күнсұлтан Отарбай, Куанбаев Алмас Мукашевич, Жарылқасын Саягүл.

«Асық ату» республикалық турнирінің жеребесі өтті

3. «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ құрамасы: Әлібек Сәлімбаев (капитан), Әли Саруар, Керім Исламов, Гүлден Тұңғатова. 

«Асық ату» республикалық турнирінің жеребесі өтті

4. «Қазконтент» АҚ құрамасы: Дархан Өмірбек (капитан), Сәкен Ділдахмет, Ғабит Қарабаев, Гүлжан Раманқұлова.

«Асық ату» республикалық турнирінің жеребесі өтті

5. «Егемен Қазақстан» АҚ құрамасы: Өркен Мұсабек (капитан), Дастан Кенжалин, Алмас Манапов, Ақмарал Кашкова.

«Асық ату» республикалық турнирінің жеребесі өтті

6. «Астана» арнасы құрамасы: Самат Қанағатов (капитан), Еркебұлан Кенжеғұлов, Жазылбек Мырзахметов және Әлима Хасенова.

«Асық ату» республикалық турнирінің жеребесі өтті

7.  «Казахстанская правда» АҚ құрамасы: Дамир Айдаров, Аскар Бейсенбаев, Дулат Молдабаев, Альфия Аймакова.

«Асық ату» республикалық турнирінің жеребесі өтті

8. «Бас редакторлар клубы» құрамасы: Ардабек Солдатбай (капитан), Өркен Кенжебеков, Төлен Тілеубаев, Әсем Есілбаева.

«Асық ату» республикалық турнирінің жеребесі өтті

Жеребе қорытындысы бойынша кездесетіндер:

1-жұп: «Бас редакторлар клубы» құрамасы мен «Қазақстан» РТРК АҚ құрамасы.

2-жұп: «Қазинформ» АҚ құрамасы мен «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ құрамасы.

3-жұп: «Егемен Қазақстан» АҚ құрамасы мен «Қазконтент» АҚ құрамасы.

4-жұп: «Астана» арнасы құрамасы мен «Казахстанская правда» АҚ құрамасы.

Жартылай финалда 1 және 2 жұп, 3 және 4 жұп жеңімпаздары ойнайды.

Естеріңізге сала кетейік, ертең, 20 маусым күні Астана қаласындағы «Хан-Шатыр» ойын-сауық және сауда-саттық орталығында «Қазконтент» АҚ, Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай, еліміздің белді бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері арасында алғаш рет «Асық атудан» республикалық турнир өткізеді. 

Додаға: «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ, «Қазконтент» АҚ, «Қазақстан» РТРК АҚ, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ, «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ, «Қазинформ» халықаралық ақпараттық агенттігі» ЖШС, «Астана қаласының телеарнасы» ЖШС, «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі құрамалары қатысып, өздерінің мергендігін көрсететін болады. 


Дәурен Омаров

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға