Асу Алмабаевтың UFC-дегі келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Жеңіл салмақтағы қазақстандық UFC шебері Асу Алмабаевтың келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды. Танымал файтер енді наурыз айында АҚШ-та октагонға шықпақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Бірінші бол сайтына сілтеме жасап.
Оның бұл кездесудегі қарсыласы америкалық Си Джей Вергар болады деп күтіліп отыр. Жоспар бойынша отандасымыз 9 наурыз күні Майамиде UFC 299 турнирінде сынға түседі.
Бұған дейін Алмабаев 2023 жылдың тамыз айында алғаш рет әлемдік үздік промоушен саналатын UFC-де сынға түскен еді. Сол жолы Асу америкалық Одом Осборнды тас-талқан еткен еді. Алайда, қазақ файтері күз басында оқыстан жарақат алып, қатардан шығып қалды.
Айта кететін жайт, қазіргі уақытта отандасымыз Асу Алмабаев First Round Management компаниясы менеджерлік етуге ниетті.
