Асу Алмабаев UFC-дегі басты мақсатын атады

Фото: instagram.com/darteam.kazakhstan
Фото: instagram.com/darteam.kazakhstan
10.08.2023 14:12
1076
UFC-дегі қазақстандық спортшы Асу Алмабаев америкалық ұйымдағы чемпионның белдігіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
UFC-дегі чемпиондық белдік – басты мақсат. Қазір соған ұмтылудамын. Жолымды енді ғана бастадым. UFC – жекпе-жек өнеріндегі №1 ұйым. Біз сол мақсатта жұмыс істеп жатырмыз. Спортқа 6 жасымда келдім. Содан бері қолымнан келгеннің бәрін жасап келемін, шаршаған емеспін. Елге кеше оралып, бірден жаттығуға кірісіп кеттім. Себебі осыдан ләззат аламын, – деді аралас жекпе-жек шебері.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Тұман, көктайғақ: 23 ақпанға арналған ауа райы болжамы