Жаңалықтар

Асу Алмабаев Алматыға оралды

Асу Алмабаев Алматыға оралды
Фото: Видеодан кадр 20.06.2024 09:40 448

Қазақстандық танымал файтер Асу Алмабаев (20-2) UFC-дегі үшінші жеңісінен соң Алматыға оралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алмабаевты жанкүйерлері әуежайдан күтіп алды. Алмабаевтың елге оралған сәтінің видеосын Dar Pro Team өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен (Невада штаты, АҚШ) UFC on ESPN 58 турнирінде Алмабаев карьерасында тұңғыш рет басты кардта өнер көрсетті. Қазақстандық спортшы төрешілердің ортақ шешімімен (30-27) американдық Хосе Джонсонды (16-9) жеңді. Айқастан соң дивизионда төртінші нөмірде тұрған жаңазеландиялық Кай Кара-Франсты (24-11) жекпе-жекке шақырды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от DAR PRO TEAM (@darteam.kazakhstan)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға