Жаңалықтар

Астрахан-Маңғышлақ су құбырын қайта құру кезінде 6,4 млрд теңге ұрланған

Астрахан-Маңғышлақ су құбырын қайта құру кезінде 6,4 млрд теңге ұрланған
Фото: ©El.kz/Арман Мухатов 14.04.2025 14:51 366

Бас прокуратура Астрахан-Маңғышлақ су құбырын қайта құру кезінде 6,4 млрд теңге сомасына мемлекет қаражатын жымқыру фактісі жөнінде қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Прокуратура мәліметінше, «КазТрансОйл» АҚ-ның еншілес компаниясы - «Магистральдық Суағызғысы» квазимемлекеттік кәсіпорнының бұрынғы бас директоры, оның орынбасары, мердігер компанияның өкілдері және жобалау ұйымының құрылтайшысы жымқыру жасаған деген күдікке ілікті.

Қылмыстық істі тергеп-тексеру шеңберінде күдіктілердің 1,1 млрд теңге мөлшеріндегі мүлкі анықталып, үкімнің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында соттың санкциясымен тыйым салынған, - делінген мәліметте.

Қылмыстық іс сотқа жіберіледі.    

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға