Жаңалықтар

Астероидтар туралы не білеміз?

30 маусым – халықаралық астероид күні
Астероидтар туралы не білеміз?
30.06.2020 16:34 17677

Аспан әлемін қызықтыратын адамдар үшін астероид деген таныс терминдердің бірі. Грек тілінен аударғанда «жұлдыз сияқтылар» деген мағына береді. Астероидтар ғаламшарлардың серігі емес. Бірақ, ғаламшарлар сияқты Күнді өз еріктерімен айнала қозғалады. Жыл сайын 30 маусым халықаралық деңгейде «Астероидтар күні» аталып өтіледі. Бұлай аталу себебі, әлемдегі ең үлкен астероидтық апат дәл осы күні болған. Яғни, Жер ғаламшары мен Тунгус меториті соқтығысқан. Бұл атаулы дата БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімі бойынша 2016 жылдан бастап тойланып келеді.

armageddon-2104385_1920.jpg

Астероидтың зерттелу тарихы

Тарихта ең бірінші астероидты италиялық астроном-ғалым Джузеппе Пиации ашқан. Бұл шамамен 1801 жылдың бірінші қаңтар еді. Астроном аспан әлемінен жиырма төрт сағат ішінде көтеріліп, түсуі жылдам жүретін, қозғалысы қарқынды жарықты назарға алады. Ал осы жаңалықтан кейін неміс ғалымы әрі математигі Гаусс астероидтар осінің үлкен жартысы 2,77 а.б. орбитасын есептеп шығарған. Ең алғашқы астероидтардың бірін ғалымдар ғаламшар деп ойлап қалған. Осылайша жерден жеті қоян тапқандай мәз болған ғалымдар Сатурн мен Юпитердің аралығындағы жарық жұлдызды әйел құдайы Церераның атымен атайды. Неміс ғалымы Ольберс құдай есімімен аталған жұлдыздың қасында орналасқан астероидты 1802 жылы ашады. Оған Паллада деген есім берген. Бұдан кейін астероидтардың ашылуы да тездете түсті. 1804 жылы Юнона атты астероид, 1807 жылы Веста астероиды табылған. Ал «астероид» терминін ғылымға ең алған енгізген Гершель еді. Ол ғаламшардың кішкентай үлгілеріне «жұлдыз бейнелі» деген мағына беруді ұсынған.

Бүгінгі таңда астероидтардың саны он екі мыңнан асқан. Алғашқы сәттерде Құдайлар есімімен аталған астероидтарға кейін келе ұлы тұлғалардың аты қойылған. Астероидтарға да заңды түрде ашылған уақытынан бастап жылы көрсетілген белгі тағады. Кейін орбита осін есептеп алғаннан соң, тиесілі нөмірі мен ресми аты бекітіледі.

Астероидтар күн жүйесіне кірмейді. Өйткені, орбиталарының пішіні шеңбермен пара-пар. Санаулы астероидтар ғана Күнге, Сатурнның орбитасының сыртына жақындайды. Ал Юпитер ғаламшарына жақын орналасқан астероидтардың екі түрі бар. Біріншісі «Гректер», екіншісі «Трояндықтар» деп аталады. Атақты астроном Лагранждың есептеуі бойынша олар күн жүйесінің планеталарына ұқсас қозғалады. Яғни, қозғалысы еш ауытқымай, аспан механикасын сақтаған.

Біздің жүйедегі астероидтар

Біздің жүйе деп айтып отырғанымыз – күн жүйесі. Бүгінгі күнде күн жүйесінен жалпы есепте жүз мыңға жуық астероид табылған. Ғалымдардың соңғы жүргізген статистикасы бойынша тура саны – 632567. Бірақ, осы астероидтардың барлығының орбитасы анықталмағандықтан тиісті нөмірлер мен атаулар әлі де толық берілмеген. Тек 18241 астероидтың есімі бар. Біздің жүйеде астероидтардан да кішкене, радиусы небәрі бір киллометрге жетпейтін 1-2 миллион арасында әртүрлі денелер бар. Күн жүйесіндегі Марс ғаламшары мен Юпитер ғаламшарының арасын ғылымда «астероидтық белдеу» деп атайды. Себебі, табылған астероидтардың көбі осы екі ғаламшар арасында орналасқан.

Қазіргі таңға дейін әйел құдайының атымен аталған Церера астероиды ең үлкен астероид атанып келді. Жалпы көлемі 975х909 км. Алайда Церера 2006 жылдан бастап кіші ғаламшарлар қатарына алынды. Одан кейінгі үлкен үштікті Паллада және Веста астероидтары алады. Олардың диаметрлері шамамен 500 мың киллометр. Жерден оптикасыз 365 күн тек Вестаны көруге болады. Басқа астероидтарды тек біздің орбитаға жақындаған тұста арнайы уақытта көре аламыз. Астероидтық белдеудің салмағы Айдың салмағының ¼ бөлігіне тең.

space-4641363_960_720.jpg

Астероидтар мен планеталар бір уақытта пайда болды

Планетаны қалыптастыруға көмектесетін процесті «қақтығысу» деп атауға болады. Әлемнің қалыптасуының басында екі дененің қақтығысы әдетте бір үлкен дененің қалыптасуына әкелген. Планеталар мен астероидтар осы жолмен қалыптасты. Әлбетте, планеталар астероидтардың көпшілігіне қарағанда көп массаны жинады. Бірақ, кіші планета болып саналатын Астероид Церерада байқалғандай, кейбір астероидтар планеталар мәртебесіне өту үшін жеткілікті гравитация жасайтын массаға жеткен. Бірақ мұндай жағдай өте сирек кездеседі.

Астероидтар әртүрлі материалдардан тұрады

Астероидтар әртүрлі пайдалы қазбалар мен заттардан жасалған. Олардың құрамы соқтығысу кезінде жойылған планетаның қалдықтарынан құралған. Сондай-ақ, біздің Күн жүйесінде орбитада қозғалған, сыналған химиялық реакцияларға байланысты түзіліп отырған. Астероидтардың құрамында металдар көптеп кездеседі. Айталық, темір 80% , қалған жиырма пайызында аз мөлшерде пиридий, палладий,никель, платина және алтын сияқты кейбір басқа металдар да бар. Кейбіреулері тіпті силикат пен металдан жасалған.

Астероидтар төрт топқа жіктелді:

C класты астероидтар;

D класты астероидтар;

S класс астероидтары;

V класты астероидтар.

Астероидтардың құрылысы

Астероидтардың беткі қабаттары шаңнан тұрады. Бұл шаң «реголит» деп аталады. Ол астероидтар мен олардың жолын кесіп өтетін кез келген басқа дененің арасындағы тұрақты қақтығыстардың нәтижесінде пайда болған. Осы қақтығыста үлкен объект жеңеді. Аталмыш шайқаста ұтылған нысан шаңмен жабылады.

Ғарышта, соның ішінде жерді қоса алғанда, әрбір объект қақтығыс нәтижесінде пайда болды. Әрбір аспан денесінің бетінде кем дегенде екі кратер бар. Бұл қақтығыстар астероидты бұзуы немесе астероидтарды біріктіруге әкелуі мүмкін. Қақтығыс орбитада айналуды немесе осьтік көлбеу өзгерістерін тудыруы мүмкін.

dinosaur-5277285_1920.jpg

Динозаврларды астероидтар өлтіруі мүмкін

Ғалым Кратер Чиксулубтың (Chicxulub) болжамынша, шамамен алпыс бес миллион жыл бұрын динозаврлардың астероидтар салдарынан жоғалуы мүмкін. Барлық динозаврлардың жоғалуына алып келген климаттың өзгеруінің көзі екені белгілі. Астероидтың құлауынан кейін қалған сынықтар мен шаң көшкіндерінен ауаға таралған апат сол кездегі қай жануарды болсын тірі қалдырмайды. Жерге құлаған астероид диаметрі 180 км жерді жоқ қылады. Бұл соққыдан бірден өлмеген динозаврлар аштықтан зардап шегуі де мүмкін. Қалай алып қарасақ та қорқынышты!

Сонымен қатар, астероидтардың серіктес ай-спутниктері болады. Galileo ғарыш кемесі осы тармақты 1993 жылы дәлелдеп, 243 астероидтың (Ида) ұшуын зерттеген және оның ай-спутнигін тапқан. Астероидтың «ай-спутнигі»болса да планета болып есептелмейді. Содан бергі жылдарда да бірнеше осыған ұқсас нысандар табылды. Бірақ, бірінші жаңалық астрономия үшін ең қызықты болып қала берері анық.

Астероидтар топтасып қозғалғанды ұнатады

Астероидтар топтастырылған төрт негізгі топ бар: басты белбеу, Купер белдеуі, Троян және шашыраңқы диск. Негізгі белдік орбитасы Юпитер мен Марс арасында орналасқан. Бір қызығы, белгілі астероидтардың басым көпшілігі (98%-ға дейін) осы екі планетаның орбиталары арасында қозғалады. Теориялық тұрғыдан ғалымдар Юпитердің гравитациялық аномалиялары негізгі белдіктің жеке планета болуына кедергі келтіргенін айтады. Бірнеше диск-Купер белдеуінің жиынтығы. Олардың орбиталары күннен алыс болғандықтан, олар Күн жүйесіндегі ең суық нысандар. Астрономдар енді шашыраңқы диск-көптеген мерзімді кометалардың шыққан жері деп санайды. Бұлттағы көптеген нысандар шашыраңқы дискіде болуы мүмкін.

Жер маңындағы астероидтар өте қауіпті

Осы астероидтарды зерттеу бағдарламасы соңғы бірнеше жылда көптеген сәтсіздікке ұшырады. Кейбір астероидтар жерден өте жақын өткендіктен, әртүрлі елдердің үкіметі сақтық шараларын қабылдай бастады. Жер жанындағы мұндай өту нақты қауіп тудыруы мүмкін. Себебі, жердің гравитациялық күші астероидтың орбитасын өзгерте алады. Астрономдар осындай жағдайлардың алдын алудың әртүрлі нұсқаларын қарастырды. Мысалы, ғарыш кемесі немесе осы жер маңындағы астероидтарды ұстап алып, зерттей алатын спутниктер бар.

galaxy-4253100_1920.jpg

Астероидтар туралы қызықты фактілер

- Ғалымдар арасында кездесетін теория бойынша динозаврлардың жер бетінен жойылып кетуіне бірден-бір себеп болған астероидтар.

- Кейбір өте үлкен астероидтардың планеталар сияқты өз серіктері бар. Мысалы - Ида астероиды және оның серігі Дактиль.

- Күн жүйесінің сыртқы және ішкі планеталары астероидты белдеумен бөлінген.

- Тунгус метеоритке де жатады. Екіншіден, айтарлықтай ірі астероид.

- Тарихта тұңғыш рет ұшқышсыз ғарыш аппараты 2001 жылы астероидқа сәтті қонған.

- Барлық астероидтарда атмосфера болмайды.

- Астероид Хариклода Сатурн сияқты сақиналар бар. Тек олар Сатурндікіне қарағанда әлдеқайда аз.

- Астероид, метеор және метеорит – бірдей. Метеор – Жердің атмосферасына енген астероид. Егер ол бетіне жетсе, ол метеорит болып саналады.

- Көптеген астероидтардың жеке аттары жоқ.

- Жер бетіндегі өмірді қалыптастыру үшін шын мәнінде құлайтын астероид диаметрі 10 километрден көп болған. Қазіргі уақытта осындай көлемдегі барлық астероидтардың орбиталары жердің орбитасымен қиылыспайды.

- Астероидтардың көпшілігі металдан немесе тастан тұрады.

- 30 маусым – Астероид күні.

- Ежелгі грек тілінен аударғанда астероид сөзі «жұлдыз тәрізді» дегенді білдіреді.

- Марс пен Юпитер орбиталарының арасында орналасқан белдіктен алынған барлық астероидтардың жалпы массасы айдың массасының төрт пайызын құрайды.

- Астероидты белдіктің барлық массасының жартысынан астамы төрт нысанға келеді – Паллада, Церерер, Гигей және Веста.

- Церерера астероиды, шар тәрізді нысаны мен диаметрі мың километрге жуық. Плутонға ұқсас ергежейлі планета ретінде тіркелген.

- Қазіргі уақытта астероидтардан пайдалы қазбаларды өндіру бойынша әртүрлі бағдарламалар әзірленуде.

Ғаламның жұмбақ нысаны астероидтар туралы бар білеріміз осы. Әлі де оның ашылмаған сан қыры бар екені айдан анық. Жер ғаламшарының тікелей пайда болуына әсер еткен, өз заманында динозаворлардың жойылуына да ықпал жасаған астероидтардың жұмбағы көп. Қазіргі таңда да, өз орбитасынан шығып кеткен кейбір астероидтар жер бетіне келіп құлап жатыр. Олардың әрқайсының құлауының өз себептері бар. Біз адамзат баласы астероидтарға қорқынышпен, үреймен емес, қызығушылықпен қарауымыз керек.

Астероидтар – аспан әлемінің ғажайып көрінісі. Ғаламшарлардың кіші көшірмесі. Жұлдыз сияқты жарық жаратылыс. Оның жұмбағын ашу, құпиясын зерттеу болашақтың еншісіндегі мақсат.

(Суреттер pixabay.com сайтынан алынды)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға