Жаңалықтар

Астананың су айдындарына ондаған мың шабақ жіберілді

Астананың су айдындарына ондаған мың шабақ жіберілді
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты 04.09.2023 22:23 533

Астананың және Қояндының су қоймаларына сазан балығының 12 мың шабағы жіберілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің ресми сайты таратқан мәлімет бойынша, олардың көлемі 2-3 сантиметрден аспайды. «Жас Нұр» өндірістік-шаруашылық кәсіпорны мамандарының айтуынша, алдағы жазда балық аулау маусымына қарай олар 35-40 сантиметрге дейін өседі, ал олардың салмағы 400 грамға жетеді.

«Жас Нұр» басшысы Нұржан Смағұлов балықтың бұл түрі температураның кез келген жағдайына өте төзімді, ащы да, тұщы да суда өмір сүретінін және Астана маңындағы су қоймаларында жарамды барлық нәрсемен қоректенетінін атап өтті.

Балықтың ерекше дәмінің арқасында қаладағы балықшылардың да қызығушылығы жоғары.

Шабақтар «Maybalyk» инкубациялық цехтарында өсірілді, ал «Жас Нұр» қызметкерлері су қоймаларына жеткізді. «Жас Нұр» екі су қоймасын ұзақ мерзімді жалға алған.

Оларды суға жіберу жыл сайын ұйымдастырылады. Мәселен былтыр Астананың және Қояндының су қоймаларына 20 мың ақ амур шабағы, ал 2021 жылы 90 мың мөңке шабағы жіберілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға