Астананың қай көшесі жабылатыны белгілі болды
Фото: ©El.kz/Арман Мухатов
Фото: ©El.kz/Арман Мухатов
09.07.2023 07:36
1117
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында М.Ғабдуллин және Ш.Иманбаева көшелерінде орташа жөндеу жұмысын бастайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жол жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты 10-11 шілде күндері М.Ғабдуллин көшесінің А.Иманов көшесінен Речный тұйығына дейінгі учаскеде көлік қозғалыс толығымен шектеледі.
Сондай-ақ, 9-10 шілде аралығында Ш.Иманбаева көшесі бойында Кенесары көшесінен Иманов көшесіне дейінгі аралық жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау алуға кеңес беріледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
БҚО жолдарында бір күнде екі қайғылы оқиға болды
Келесі жаңалық
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды