«Астананың» Еуропа лигасындағы ойын күні ауысты

«Астана» футбол клубы Чемпиондар лигасынан шығып қалды. Команда енді жарысты Еуропа лигасында жалғастырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда клубының Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы – Болгарияның «Лудогорец» клубы. Негізі алғашқы ойын 10 тамыз Астанада, қарымта матч 17 тамызда Болгарияда өтеді деп жоспарланған.
Бірақ «Kommentator_Maulen» telegram арнасы ойын 8 және 15 тамызы күндері өтеді деп жазды.
«Астана» - «Лудогорец» матчы 8-тамыз күні ойналады. Ал жауапты матч араға апта салып, яғни 15-тамыз өтеді. Өйткені Чемпиондар жолы бойынша еурокубокқа қатысқан командалар Еуропа лигасындағы ойындарын сейсенбі күні өткізе алады. Соған байланысты өзгертуге болады, -деп жазды арна.
Айта кетейік, «Астана» кеше УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде Загрбетің «Динамосынан» тағы ұтылды. Қос матчтың қорытындысы – 0:6.
