Астананың 25 жылдығына арналған бейнероликтер байқауы жарияланды
Астана қаласы әкімдігінің Дін істері жөніндегі басқармасы елорданың 25 жылдығына арналған әлеуметтік бейнероликтер байқауын өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қатысушылар өз жұмысын дінге байланысты түрлі тақырыптарға: ұлттық құндылықтарды насихаттау, экстремизм мен терроризм идеологиясының алдын алу, конфессияаралық келісімді ілгерілету, зайырлы мемлекеттің негіздері және т.б. жібере алады.
Оқи отырыңыз:
- Күні бойына сергектік сыйлайтын 7 өнім
- Әлемнің қай елдерінде Абай Құнанбаев атында көшелер мен ескерткіштер бар
Елорда қала әкімдігінің ресми сайты таратқан мәлімет бойынша, байқаудың жалпы жүлде қоры - 1 750 000 теңге. 1 орын – 1 000 000 теңгеге сертификат, 2 орын – 500 000 теңгеге сертификат, 3 орын – 250 000 теңгеге сертификат.
Байқауға қатысу үшін бейнероликтер қабылдау 2023 жылдың 14 тамызы мен 14 қыркүйегі аралығында өтеді. Бейнероликтер мемлекеттік немесе орыс тілдерінде орындалуы тиіс.
Байқауға 16 жастан асқан Астана қаласының тұрғындары қатыса алады.
Толығырақ ақпаратты www.elorda-din.kz сайтынан таба аласыздар.
Бейнероликтерге қойылатын техникалық талаптар:
- Бейнеролик форматы MPEG4 әлде AVI болуы шарт;
• Видеодағы минималды стандарт талабы: 720×480 (12:8 см);
• Бейнеролик ұзақтығы кем дегенде 30 секунд;
• Бейнероликті монтаждау және түсіру кезінде арнайы бағдарламалар мен құралдарды пайдалану – қатысушының қалауы бойынша;
• Бейнеролик жанрын анықтайды (бейнеклип, мультфильм және т. б.), видеода фотосуреттерді пайдалануға болады.
Байқауға қатысу туралы өтінімдер мекенжайда көрсетілген сілтеме бойынша қабылданады: www.elorda-din.kz.
Толық ақпаратты төменде көрсетілген нөмір арқылы алуға болады: +7 705 143 62 44.