Жаңалықтар

АСТАНАНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚОҒАМДЫҚ МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАСТЫРЫЛАДЫ

АСТАНАНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚОҒАМДЫҚ МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫН  ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАСТЫРЫЛАДЫ
13.03.2019 03:14 2063

13 наурызда Астанадағы Достық үйінде «Қоғамдық медиация институтын дамыту және ілгерілету» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтеді.

Оның барысында қоғамдық медиаторлар түрлі салалардағы келіспеушілік жағдайларды шешу, дауларды реттеу жөніндегі тәжірибесімен бөліседі. Сондай-ақ, қоғамдық медиация институтын әрі қарай  дамыту және ілгерілету бағдарламасын талқылайды.

Іс-шараның мақсаты - жас медиаторларға қолдау көрсету, тәжірибе алмасу, этносаралық қатынастар, білім, денсаулық сақтау және т.б. салаларда келіспеушілік жағдайларды шешу, жанжалдар мен дауларды реттеу жөніндегі ұсынымдар әзірлеу және тәжірибелік шараларды іске асыру.

Дөңгелек үстел жұмысына ғылыми қызмет, денсаулық сақтау, білім беру, Астана қаласының ҚХА жастар қозғалысы, этномәдени бірлестіктердің  өкілдері, заңгерлер, еріктілер, кәсіби медиаторлар (Астана, Қарағанды қ.) және тағы басқалары қатысады деп күтілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға