Жаңалықтар

Астаналықтар сайлау учаскесін қалай анықтай алады

Оны онлайн анықтаудың бірнеше тәсілі бар
Астаналықтар сайлау учаскесін қалай анықтай алады
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты 17.03.2023 11:00 2146

Елордадағы сайлау учаскесін бірнеше тәсілмен онлайн анықтауға болады, деп хабарлайды El.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласының әкімдігі өзінің сайлау учаскесі туралы мәліметтерді нақты уақыт режимінде мынадай тәсілдермен алуға мүмкіндік береді:
1. Веб-қызмет: https://sailau.astana.kz/
2. Telegram-дағы Чат-бот: https://t.me/sailau_astana_bot
3. Smart Astana мобильді қосымшасы.
4. IKomek бірыңғай байланыс орталығы, 109 телефоны бойынша.

Азаматты дауыс берудің нақты сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізу үшін оның тұрғылықты жері бойынша, сол сияқты аталған учаскенің аумағында тіркелу фактісі негіз болып саналады. Мекенжай мәліметтерін тіркеу, түзету және тексеру үшін egov.kz «электронды үкімет» порталына жүгіну қажет «азаматтық, көші-қон және иммиграция → Халықты тіркеу және тіркеу есебінен шығару» бөліміне не «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына.

2023 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысу арқылы конституциялық құқығыңызды іске асырыңыз, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға