Астаналық жеті жастағы оқушы халықаралық ғылыми олимпиададан алтын алды

Астана қаласы № 81 Astana English school халықаралық мектебінің 1 “г” сынып оқушысы Нұрлан Нұрдаулет халықаралық "StemCo" халықаралық олимпиадасына қатысып алтын медаль иеленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алғашқы онлайн кезеңнен сүрінбей өткен жеті жастағы оқушы Сингапур қаласында өтетін финалдық кезеңге жолдама алды. Өткен жылы ғана мектеп табалдырығын аттаған Нұрлан Нұрдаулет “Математика және science" пәні бойынша үздік нәтиже көрсетіп, қарсыластары ішінен оза шауып, бірінші орынға табан тіреп, еліміздің атын асқақтатты. Айта кетейік, Нұрлан Нұрдаулетпен бірге еліміз атынан барып осы жарысқа "Жаратылыстану" пәні бойынша қатысқан 4 “б” сынып оқушысы Ақболат Зере үшінші орынға ие болып, қола медаль еншіледі.
