Жаңалықтар

Астаналық жасөспірімдер шорт-тректен әлем чемпионатында жүлде алды

Астаналық жасөспірімдер шорт-тректен әлем чемпионатында жүлде алды
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 05.03.2025 20:17 232

Астана спортшылары шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің ресми сайтының жазуынша, Канададағы Калгари қаласында жасөспірімдер арасында шорт-тректен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл додада Қазақстан құрамасы айтарлықтай жетістікке қол жеткізіп, ерлер арасындағы 3000 метрлік эстафетада және аралас командалық 2000 метрлік эстафетада тарихи қола жүлдені иеленді.

Айта кетерлігі, осы жетістікке Астана қаласының үш спортшысы –Дінмұхамедәлдияр Тәжібай, Нұрлан Қайырбеков және Богдан Вехов үлкен үлес қосты. Осылайша, Астана қаласының спортшылары әлемдік деңгейдегі бәсекеде екі бірдей қола медаль жеңіп алып, ел намысын абыроймен қорғады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға