Жаңалықтар

Астаналық жас таеквондошы Мексикада әлем чемпионы атанды

Астаналық жас таеквондошы Мексикада әлем чемпионы атанды
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты 27.07.2023 23:10 1112

Мексиканың Мазатлан қаласында мектеп оқушылары арасында таеквондодан алғашқы әлем чемпионаты өтті. Астанадан барған жас спортшы турнирде чемпион атанды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Турнир маусым айының соңында өтті, оған әлемнің 14 елінен келген оқушылар қатысты.

Қазақстан құрама командасына «King Club Astana» және «Legion» отандық таеквондо клубтарының үздік өкілдері кірді.

Жарыстың бірінші күні Астана қаласының «Нұр-Орда» мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы Аятжан Әмірханов (жаттықтырушылары – Арал Садықов, Динара Қабдулова) 12 жасқа дейінгі топта 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атағына ие болды.

Командалық есепте Қазақстан құрамасы Тайвань мен Бразилия құрамаларынан кейінгі үшінші командалық орынға жайғасты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға