Жаңалықтар

Астаналық ұрылар жаңа жыл түні 10 млн теңгені қолды қылған

Астаналық ұрылар жаңа жыл түні 10 млн теңгені қолды қылған
Фото: © Polisia.kz 05.01.2024 19:41 1387

Астана қаласы ПД қызметкерлері уақытша ұстау изоляторына пәтер ұрыларын қамауға алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда тұрғыны жаңа жыл қарсаңында белгісіз адамдар екі қабатты коттеджге кіріп, сейфтен жасырын түрде 1000 еуро, 1500 АҚШ доллары, гауһар тастары бар алтын бұйымдар ұрланғаны жөнінде полицияға жүгінген. Келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен 10 млн теңгені құраған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында “Нұра” ауданының полиция қызметкерлері пәтер ұрыларының тобын ұстады.  Күдіктілер – облыстардың бірінің 26 және 28 жастағы екі азаматы. Олар Елорда маңындағы ауылда тұрып, еш жерде жұмыс істемегені белгілі болған.

Сондай ақ олардың бұрын ұрлық пен тонау үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны да анықталған. Күдіктілер қала ішін таксимен жүріп аралаған. Сөйтіп ер адамдар астаналық жәбірленушінің пәтеріне торды бұзып, пластикалық терезені майыстырып, кірген. Олар пәтердің иелері жоқ екеніне алдын ала көз жеткізген. Жауап алу барысында аталған азаматтар мойындау айғақтарын беріп, заттай дәлелдемелер алынды.

Ұрылар ақшаның бір бөлігін жаңажылдық мерекелерді атап өтуге жұмсап та үлгерген. Қазіргі кезде күдіктілердің елорда аумағында бұрын жасалған осындай басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға