Жаңалықтар

Астаналық тұрғын жас футболшылардың телефондарын ұрлап кеткен

Астаналық тұрғын жас футболшылардың телефондарын ұрлап кеткен
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 04.05.2024 01:15 745

Астанада жас футболшылар ұялы телефондарын ұрлатып алды. Балалар футбол ойнап, смартфондарын сөмкеге салып, футбол алаңының жанындағы көгалға тастап кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл сәтті 18 жастағы астаналық пайдаланып, олардың телефондарын алып, оқиға орнынан ізін суытқан.

Анықталғандай, түскі уақытта жас жігіт үйдің ауласында балалар ойнап жатқан футбол алаңына жақындай бергенде заттардың арасынан жерде жатқан Vivo ұялы телефонын байқаған. Содан байланыс құрылғысын қолды еткен. Содан кейін дәл сол күні ол басқа футбол алаңында 460 мың теңге тұратын IPhonе 14 Pro Max телефонын ұрлап кеткен.

Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті кінәсін мойындаған. Айғақты заттар алынып, оның елордада бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға