Жаңалықтар

Астаналық тұрғын көршісінің көлігін заңсыз айдап кеткен

Астаналық тұрғын көршісінің көлігін заңсыз айдап кеткен
Фото: © El.kz 14.08.2023 16:19 996

Астаналық жігіт көршісінің көлігін заңсыз айдап кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полицияға қала тұрғыны таңғы уақытта Центральная көшесінің бойында орналасқан тұрғын үйдің ауласынан оның Mersedes-Benz автокөлігін айдап кеткені жайлы арызбен жүгінген. Ол үйінен шыққан кезде есігін ашық қалдырып кеткен автокөлігінің орнында болмағанын білген. Кілт көліктің ішінде болған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 20 жастағы көршісі анықталған. Ол бір күн бұрын жәбірленушінің өтініші бойынша көлктің жарылған дөңгелегін ауыстырған. Дәл сол күні кешке көрші жігіт оңтайлы сәтті пайдаланып, Талапкер кенті жаққа қарай бармақшы болған. Алайда автокөлік жолда сынып қалғандықтан, оны жолдың жиегіне қалдырып кеткен. 

Аталған факті бойынша ұсталған азаматтың елорда аумағында жасалған осыған ұқсас өзге де қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға