Астаналық түлек АҚШ-тың сегіз белді университетінен грант жеңіп алды

Астана қаласындағы халықаралық мектептің түлегі Акрам Сафиязов Халықаралық бакалавриат (IB) емтиханынан максималды 45 ұпай жинады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл нәтижеге әлем бойынша тапсырушылардың тек 1% ғана қол жеткізеді.
Осылайша Акрам Сафиязов АҚШ-тың сегіз белді университетінде оқуға грант ұтып алды, солардың ішінде University of British Columbia (QS World University Rankings бойынша әлемде #34 орын) және University of Zurich (QS World University Rankings бойынша әлемде #83 орын) бар.
Өз мұғалімдеріме халықаралық бағдарламаға дайындық кезінде көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін алғысымды білдіремін, - деді Акрам.
Айта кетейік, Астана қаласындағы бұл мектеп Халықаралық бакалавриаттың үш бағдарламасы – Primary Years Programme (PYP), Middle Years Programme (MYP) және Diploma Programme (DP) бойынша авторизацияланған.
