Жаңалықтар

Астаналық соғыс ардагерлері 1 млн теңгеден астам көмек алады

Астаналық соғыс ардагерлері 1 млн теңгеден астам көмек алады
Фото: gov.kz 06.03.2023 16:33 1513

Ашық НҚА порталында жарияланған Астана қаласы мәслихаты шешімінің жобасына сәйкес, 2023 жылы Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын әрбір ҰОС ардагеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне қосымша 800 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілмек, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Еске салайық, Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына сәйкес, бір ардагерге 67 АЕК (231 150 теңге) мөлшерінде көмек беріледі. Сәйкесінше, қосымша әлеуметтік көмекті қосқанда әрбір ардагер 1 031 150 теңге көмек алады.

Астана қаласында мұндай 12 ҰОС ардагері бар. Былтыр Астанада әлеуметтік көмек 18 ардагерге берілген болатын.

Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің жесіріне де қосымша 30 мың теңге көмек беріледі. Сәйкесінше, олар 67 950 (37 950 + 30 000) теңге алады.

«Бюджеттің қосымша шығындары 9 630 000 теңгені құрайды» деп жазылған жобаның түсіндірме жазбасында.

Құжат жобасы 24 наурызға дейін жария талқыға ұсынылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға