Астаналық шахматшылар Батыс Азия чемпионатында 19 медаль жеңіп алды

Тәжікстанда 8-18 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында шахматтан Western Asia Youth Chess Championship 2025 Батыс Азия чемпионаты өтті. Турнирге әлемнің 13 елінен 390-нан астам спортшы қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің мәліметінше, елорда құрамасы Душанбедегі турнирде Қазақстанның намысын лайықты қорғады. Елордалық шахматшылар барлығы 19 медаль жеңіп алды: 10 алтын, 4 күміс және 5 қола.
Жылдам шахмат:
Адинұр Әділбек (М8) – 1 орын;
Едрешева Амалия (D8) – 1 орын;
Нұрасыл Пірімбетов (М12) – 1 орын;
Алдияр Жауынбай (М14) – 1 орын;
Рауан Бақыт (М10) – 2 орын;
Әлімжан Жауынбай (М12) – 2 орын;
Нұрсұлту Оразалина (Д16) – 2 орын;
Малика Жаппарбекова (Д16) – 3 орын;
Жылдам шахмат:
Адинұр Әділбек (М8) – 1 орын;
Амалия Едрешева (D8) – 1 орын;
Әміржан Анетов (М10) – 1 орын;
Малика Жаппарбекова (Д16) – 1 орын;
Классикалық шахмат:
Әміржан Анетов (М10) – 1 орын;
Әлімжан Жұбай (М12) – 1 орын;
Дәурен Дармен (М14) – 2 орын;
Әдия Мамеш (D12) – 3 орын;
Нұрсұлту Оразалина (Д16) – 3 орын;
Адинұр Әділбек (М8) – 3 орын;
Нұрасыл Пірімбетов (М12) – 3 орын.
