Астаналық полицейлер ер адамды ажалдан арашалап қалды

Фото: © Polisia.kz
Фото: © Polisia.kz
30.12.2023 16:34
1224
Астанада патрульдік полицейлер ер адамның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Патрульдік полиция қызметкерлері Олжас Алтынбеков пен Нұрлан Бауыржанов патрульдеу кезінде, Тараз көшесі мен Жангелдин көшесінің қиылысында тротуарда жатқан ер адамды көрген. Жағдайды бағалай отырып, капитан Алтынбеков ұстамасы басталған науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Дәрігерлер келгенге дейін полиция қызметкері көмек көрсетуді жалғастырып ер адамның тыныс алу жолдарына ауаның еркін жетуін қамтамасыз еткен. Келген жедел жәрдем көлігімен 30 жастағы ер адам медициналық мекемеге жедел жөнелтілді.
Осылайша, полицейлердің жедел әрекеті бір адамның өмірін сақтап қалды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Жұлдыз жорамал: 2024 жылы кімдер табысқа кенеледі
Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды