Астаналық оқушылар күн сайын 8 минут бойы көркем әдебиет оқиды

Фото: istockphoto.com
Фото: istockphoto.com
20.04.2025 22:04
188
Астаналық оқушылар мен колледж студенттері сабақ басталардан бұрын 8 минут бойы көркем әдебиет кітабын оқуды әдетке айналдырған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық білім басқармасының мәліметінше, бүгінде елордада 100-ден астам мектеп пен 9 колледжде «8 минуттық оқу» жобасы жүзеге асырылған. Соның аясында сабақ басталардан бұрын балалар мен студенттер 8 минут бойы көркем әдебиет оқиды. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жүзеге асқан бұл бастама оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттырып, оқу мәдениетін қалыптастыруды көздейді.
Мұғалімдер «8 минуттық оқу» жобасы басталғалы балалардың білім дағдылары әлдеқайда жақсарған деп бағалайды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Түркістандық полицейлер 100 оқушыға дәріс өткізді
Келесі жаңалық
Семейде бірқатар спорт нысаны жөндеуден өтеді