Жаңалықтар

Астаналық оқушы ақылды қоқыс жәшігін ойлап тапты

Астаналық оқушы ақылды қоқыс жәшігін ойлап тапты
Фото: Астана әкімдігі 14.01.2025 15:42 286
Астана қаласындағы 38 мектеп-лицейінің 7 «Д» сынып оқушысы Бақтығали Ерланұлы ақылды қоқыс жәшігін ойлап тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ққоғамдық ортаның тазалығына мән беріп жүретін елордалық оқушы үйдегі қоқыс жәшіктерін автоматтандырған. Яғни, жәшіктердің қақпақтары адам қолын жақындатқанда өздігінен ашылып, 5 секундтан кейін қайтадан жабылады.

Мен қоқыс салғыштардың қақпақтарын қолмен ашу дұрыс емес деп ойлаймын. Себебі қақпақтағы көзге көрінбейтін микробтар адамның қолында қалып, ішкі ағзасына өтуі мүмкін. Осылайша қақпағы өздігінен ашылатын етіп жасадым,- дейді оқушы Ерлан Бақтығалиұлы.

Болашақта тілші болуды армандайтын оқушы ғылыми жаңалықтарды зерттеп, оны жариялауды қазірден үйреніп жүргенін айтады.

 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға