Жаңалықтар

Астаналық блогер Ақтаудағы судың сапасын көрсетті

Астаналық блогер Ақтаудағы судың сапасын көрсетті
Фото: видеодан кадр 18.08.2024 01:32 422

Астанадан Ақтауға барған блогер Бекарыс Қошқарбай аялдаған қонақ үйде краннан лай су ағып жатқанын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялап, жазба қалдырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

«Ақтауға келсем, суы видеодағыдай... Кешелі бері дым өзгеріс жоқ. Сториске салған едім, мен тоқтаған қонақ үйде ғана емес қала бойынша барлық жерде дәл осы жағдай екен. Осыған да шүкір, кейде мүлдем су болмай қалады деп те жазып жатқандар бар. Айтпақшы, 1 жыл бұрын ғана өмір сүру сапасының ұлттық рейтингі бойынша Ақтауды еліміздегі көшбасшы қала атанған екен. Өмір сүру сапасының ең маңызды көрсеткішінің бірі су емес пе? Ақша бөлінуі бөлініп жатыр. Бірақ, ақша да су секілді ағып жатқандай», - деп жазды блогер.

Ал жазбаның астында ақтаулықтар жарыса пікір қалдырып, бұл мәселенің ұзақ уақыт бойы шешілмей жатқанын жазған.

«Ақтауда көшелерде адам жүретін жолдарды апрель айында шұңқыр қылып қазып қазып тастаған ол әлі тұр жабылмай», «Ақтауда көз ашқалы таза су келмейді. Өмір бойы лас су ағып келеді», «Ақтау суы ішуге жарамсыз! Қайдағы курорт қала, айналайындар, ауыз суды реттесеңдерші», «Ақтауда су мәселесі шешілмей тұр, жаз басталса су тапшы. Қандай әкім келсе де баяғы жартас» деп пікір қалдырған желі қолданушылары. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға