Жаңалықтар

Астаналық азамат ұрланған велосипедтерді құрылыс базарына апарып, сатып жіберген

Астаналық азамат ұрланған велосипедтерді құрылыс базарына апарып, сатып жіберген
Фото: Pixabay.com 19.09.2023 13:42 647

Астаналық азамат ұрланған велосипедтерді құрылыс базарына апарып, сатып жіберген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыарқа ауданы полиция бөлімінің полицейлері екі велосипед ұрлығына қатысы бар, бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған елорданың 41 жастағы тұрғынын анықтады. Мәселен, тергеу барысында ер адамның түнгі уақытта Қосшығұлұлы көшесіндегі тұрғын үйдің кіреберісінде біреудің велосипедін алып кеткені анықталды. Велосипед сегізінші және тоғызыншы қабаттар арасындағы баспалдақта тұрған, құлыппен бекітілмеген.

Күдікті құны 80 мың теңге болатын екі дөңгелекті көлікті құрылыс базарына апарып, 13 мың теңгеге сатқан. Ал келесі күні сол көшеде ол 49 мың теңге тұратын BMW A-power екі дөңгелекті көлікті ұрлап, сатқан.  Мойындау айғақтарын берген ер адам қамауға алынды. ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға