Жаңалықтар

Астаналық әйел жалған құжат жасап, түрмеге кірмек болған

Астаналық әйел жалған құжат жасап, түрмеге кірмек болған
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 25.08.2024 00:30 942

Астана тұрғыны қауіпсіздігі барынша жоғары колонияға сотталғанға ұзақ кездесуге келіп, некеге тұру туралы жалған куәлігін ұсынған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құжаттың түпнұсқалығы мекеме қызметкерлерінде күмән тудырды, Ақмола облысы Аршалы кентінің АХАТ қызметкерлері күмәнді растап, тіркеу журналында неке қию туралы куәлік көрсетілмегенін хабарлады.

Қазіргі уақытта Ақмола облысы ПД Аршалы аудандық полициясы ҚР ҚК 385-бабы 3-бөлігі бойынша "жалған құжаттарды, мөрлерді, бланкілерді, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Әйелге 160 АЕК-ке дейін айыппұл салынады не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 160 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар немесе 40 тәулікке дейін қамауға алынады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға