Астаналық 50 әке оқушы қыздарымен вальс биледі

Астана қаласындағы № 108 орта мектептегі бастауыш сынып оқушыларының әкелері бүлдіршін қыздарымен ерекше би биледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық білім басқармасының мәліметінше, 50 әке Халықаралық әйелдер мерекесіне орай аналар мен қыздарға деген құрметін көрсетті. Шараның мақсаты — отбасылық құндылықтарды нығайту, әкелер мен балалар арасындағы ерекше байланысты көрсету, сондай-ақ аналар мен қыздарға деген шынайы сүйіспеншілік пен құрметті білдіру болды.
Би билеу кезінде әкелер мен қыздар бірлесіп, кәсіби хореографтардың жетекшілігімен дайындаған билерін орындады.
Ұйымдастырушылар әкелердің өз қыздарымен бірге өнер көрсетуінің ерекше мәні бар екенін атап өтті. Себебі бұл олардың бір-бірімен уақыт өткізіп, рухани жақындасып, өнер арқылы отбасындағы махаббат пен сыйластықты нығайтуға септігін тигізеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
