Астаналықтар спортпен тегін айналысады
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz
29.07.2022 00:13
1904
Елордада "қолжетімді спорт" жобасы аясында тұрғындар үшін спорттың бес түрінен жаттығулар тегін өткізіледі, деп хабарлайды El.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
"Қолжетімді спорт" жобасы бойынша елорда тұрғындары фитнес/йогамен, скандинавиялық жүріспен, үстел теннисімен және каратэмен айналыса алады. Жаттығудың бәрі астаналықтар үшін тегін өткізіледі.
Айта кетейік, спорт жаттығулары аптасына 2 рет қала саябақтарында өткізіледі. Бұл ретте қатысушылармен білікті жаттықтырушылар айналысады. Фитнес, жүгіру, каратэ және скандинавиялық серуендеу жаттығуларына тіркелудің қажеті жоқ, белгіленген уақытта кесте бойынша келе аласыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Есік қаласындағы атыс: тағы екі күдікті ұсталды
Келесі жаңалық
Харбиндегі қысқы Азиадаға ШҚО-дан 15 спортшы қатысады