Жаңалықтар

Астаналық ҚХА мен құқық қорғау органдары алдағы ынтымақтастық туралы келісім қабылдады

Астаналық ҚХА мен құқық қорғау органдары алдағы ынтымақтастық туралы келісім қабылдады
22.02.2019 11:17 1718

Астана қаласының Достық үйінде Алғыс айту күні мерекесіне орай Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің және Астана қаласы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы жеке құрамының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері құқық қорғау органдарымен бірлескен іс-шараларға белсенді түрде қатысып тұрады. Дөңгелек үстел  ҚХА мен ҚР ІІМ бірлескен ынтымақтастық туралы жоспар аясында өткізілді. Іс-шара жас ұрпақтың бойында төзімділік дағдыларын, көпұлтты қоғамда жұмыс тәжірибесін қалыптастыру, азаматтардың бейбіт және қауіпсіз өмірін қамтамасыз ету мақсатымен ұйымдастырылды.

«Біз Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, елордамызда орналасқан стратегиялық маңызы бар объектілердің қауіпсіздігін, ондағы азаматтардың бостандықтары мен құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етеміз. Біздің мекемеде бүгінгі таңда мыңға жуық полиция қызметкерлері жемісті  қызмет атқаруда. Ата-бабамыздан қалған ұлан байтақ жерімізде Елбасымыздың жүргізіп отырған саясаты арқасында барша ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Осы ынтымақ пен бірлігіміз үшін бір-бірімізге алғыс білдіруіміз қажет», - деді Астана қаласы МКҚБ бастығының орынбасары, полиция майоры Оралбек Омаров өз сөзінде.    

Дөңгелек үстел барысында Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдение бірлестіктерінің басшылары патриотизм, алғыс айту күні тақырыптарын қозғап, өмірлік оқиғаларымен бөлісті.

Екі тараптың өкілдері алдағы ынтымақтастық туралы келісім қабылдады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға