Астаналық бүлдіршіндер қандай лагерлерде демалады?
Жаз – жыл мезгілінің ең шуақты кезеңі. Әсіресе барша балақайлар жаз маусымын асыға күтеді. 3 ай демалыстарын тиімді әрі денсаулыққа пайдалы етіп өткізу үшін ата-аналар балаларын спорттық-сауықтыру лагерлеріне жібереді.
Биыл жазда Астана қаласының бүлдіршіндері қайда демалады? Астана қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі таратқан мәліметке жүгінсек 2016 жылғы жазғы демалыс бірнеше лагерлерде өтеді:
«Арман» спорттық-сауықтыру лагері
«Арман» спорттық-сауықтыру лагері Ақмола облысының Ақкөл ауылында орналасқан. Демалыс орны жазғы уақыт аралығында 6 маусымнан бастап 12 тамызға дейін 5 ауысым бойынша ұйымдастырылады. Әрбір аусымда 330 бала демалса, жалпы жазғы кезең ішінде 1650 бала қамтылады. Бұл ретте бес ауысымның үшеуі жетім, тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ, халықтың басқа да әлеуметтік қорғалмаған топтары үшін тегін ұйымдастырылады. Биылғы ақылы маусымдарға жолдаманың құны 12 күн үшін 32 мың теңгені құрады. Оған жол шығындары, лагерьде тұру, бес рет тамақтану, мәдени-бұқаралық және спорттық-сауықтыру шараларының өткізілуі кіреді. Лагерьдің аумағында бассейн, сауна бар. Өткен жылы жаңа жиһаз сатып алынған.
«Батыр» палаталық лагері
«Батыр» палаталық лагері Ақмола облысының Ерейментау ауданындағы Алғабас ауылына іргелес орналасқан. Онда 14 маусымнан 14 шілдеге дейін созылатын 3 ауысым ішінде 375 жетім бала, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар тегін демалады. Лагерь туристік-өлкетану, экскурсиялық және дене шынықтыру-сауықтыру, табиғатты қорғау және экологиялық жұмыс бағытына бет бұрып, балалардың демалысын қамтамасыз етеді.
Маусымның 1-нен шілденің 8-не дейін Астана қаласындағы 85 білім ошағына қарасты мектеп жанындағы лагерьлер ашылып, олар 3 ауысым ішінде 1-4 сыныптың 45 000 астам оқушысын қабылдайды. Ақы тек тамақ үшін төленеді. Оның құнын әрбір мектептен анықтау қажет. Мектеп жанындағы лагерьлердің басты міндеті – кші мектеп жасындағы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, денсаулықтарын қорғау және нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, балалардың ересектердің қадағалауынсыз болатын уақытын қысқарту.
«Дидарлы жаз» мектеп жанындағы спорттық-ойын алаңы
«Дидарлы жаз» мектеп жанындағы спорттық-ойын алаңдары 1-8 шілде аралығында 5-7 сыныптың 4000 астам оқушысын қабылдайды. Олардың тегін түрде қызмет етеді. Алаңдардың басты міндеті – қала мектептерінің эстафеталық командалары арасында спорт пен ойындардың топтық түрлері (волейбол, баскетбол, футбол және т.б.) бойынша спорттық-бұқаралық шараларды ұйымдастыру.
«Айбынды маусым» мектеп жанындағы әскери-спорттық алаңы
«Айбынды маусым» мектеп жанындағы әскери-спорттық алаңы 8-10 сынып оқушылары үшін тегін демалыс ұйымдастырылмақ. Жобаны жүзеге асыру жолында негізгі мектептер белгіленіп, онда әскери-патриоттық бағдарлама (әскери-дала жаттығулары, ойындар, экскурсиялар, мұражайға бару және т.б.) жүргізіледі.
Балалар үйінің тәрбиеленушілері – 160 жетім бала және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар Ақмола облысында орналасқан «Боровичок» демалыс орнында сауығады.
1 маусым мен 8 шілде аралығында Оқушылар сарайы жанында «Жазғы демалыс академиясы» ұйымдастырылады.
Оның бір маусымдағы (10 күн) құны 20 000 теңгені құрайды. Академияға қатысу бағдарламасында келесі қарастырылған: тамақтану, суда жүзуді үйрену, мұзда сырғанау, лингвистика сабақтары, шахматтың бастапқы ережелерін меңгеру, интерактивті саябақ жәдігерлеріндегі жұмыстың алғашқы дағдыларын үйрену, бейнелеу өнері сабақтары, театр студиясына қатысу және т.б.
1 маусым және 10 шілде аралығында Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы «Шығармашылықтың жазғы мектебі» жобасын ұйымдастырады. Оның бір маусымдағы (10 күн) құны 20 000 теңгені құрайды. «Жазғы мектептің» басты мақсаты ұйымдастырылған демалыс үшін қолайлы жағдай жасау, балаларды сауықтыру, олардың шығармашылық, танымдық және зияткерлік қабілеттерін дамыту, бастамалары мен қызығушылықтарын назар аудару болып табылады. Оған түрлі студиялардың және оқытушы Академиялардың қызметі септігін тигізеді. Бұл ретте оның мазмұны белгілі маусымның тақырыбына сәйкестендіріледі.
Сондай-ақ, мектептерде және қосымша білім беру ұйымдарында мектептердің аумағын абаттандыруға бағытталған көгалдандыру бригадалары, жөндеу бригадалары, интеллектуалдық, шығармашылық және тіл үйірмелері, республикалық және халықаралық пән олимпиадаларына қатысу, шығармашылық байқаулар және спорттық жарыстар ұйымдастырылады.
Әзірлеген Тұмар АСЫЛ