Астанаға ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесіне қатысушылар келді
Фото: Қорғаныс министрлігі
Фото: Қорғаныс министрлігі
26.04.2024 10:30
488
26 сәуірде, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлерінің кеңесі өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы шеңберінде өткізілетін іс-шараға Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының басшылары қатысады.
Сонымен қатар, отырысқа Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы, ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы Атқарушы комитетінің директоры және Беларусь Қорғаныс министрі шақырылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
СҚО-да бір отбасының сегіз баласы иіс тиіп, уланып қалды
Келесі жаңалық
Қызылордада енесінің атынан несие алған келін сотталды