Жаңалықтар

Астанаға D Billions музыкалық тобының жетекшісі келді

Ол Орталық Азия медиа форумына қатысады
Астанаға D Billions музыкалық тобының жетекшісі келді
Фото: El.kz 19.12.2022 20:19 7492

Астанаға YouTube желісінде танымал D Billions музыкалық тобының жетекшісі Эрнист Уметалиев келді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

Ол Орталық Азия медиа форумына қатысады. Каналдың 18 миллионнан астам жазылушысы және 5 миллиардтан астам қаралымы бар.

Форум аясында медиа мамандар мен танымал сарапшылар өңірдегі медианы дамытудың өзекті мәселелерін талқылап, Орталық Азияда ортақ медиа кеңістік құру идеясын сараптайды. 

Орталық Азия Медиа Форумының күн тәртібіндегі басты мәселе – бірыңғай медиа платформа қалыптастыру. Іс-шараға 100-ден астам спикер қатысады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға