Жаңалықтар

Астанаға Беларусь Қорғаныс министрлігінің делегациясы келді

Астанаға Беларусь Қорғаныс министрлігінің делегациясы келді
Фото: Қорғаныс министрлігі 28.09.2024 12:15 408

Шетелдік әріптестермен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Заң департаментінің бастығы Дидар Әбішев кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Беларусь тарапынан аталмыш шараға басқарма бастығының орынбасары – БР Қорғаныс министрлігі құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бөлім бастығы әділет полковнигі Александр Гладышев және құқықтық қамтамасыз ету басқармасы бөлім бастығының орынбасары әділет подполковнигі Александр Шикалович қатысты.

Брифинг барысында тараптар құқықтық қамтамасыз ету органдарының жүйесі және олардың даму перспективалары туралы презентациялық материалдар көрсетті. Қарулы күштердің қызметін құқықтық қолдаудың проблемалық мәселелері жөнінде кеңесіп, пікір алмасты.

Беларусь елінен келген қонақтар Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетіне және ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығына барып, Мемлекеттік әскери-тарихи музейдің экспозициясымен танысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға