Жаңалықтар

Астанаға алғаш рет Оман Сұлтандығының әскери делегациясы келді

Астанаға алғаш рет Оман Сұлтандығының әскери делегациясы келді
Фото: Қорғаныс министрлігі 15.08.2023 23:00 682

Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Қарулы күштері Бас штабы Жедел жоспарлау департаменті бастығының орынбасары полковник Дәурен Манаппен Оман Сұлтандығы Қарулы күштер Бас штабы бастығының операциялар және жоспарлау жөніндегі  орынбасары бригадалық генерал Хамид әл Балушимен кездесу өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, тараптар екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықты орнату және оны дамытудың алдағы бағыттарын талқылады. 

Шетелдік делегация ҚР Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайында болып, ондағы экспозицияларымен танысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға