Астанадан шығатын республикалық трасса жабылды

Фото: © Pixabay
Фото: © Pixabay
24.03.2023 11:11
1612
Астанадағы қалың тұманға байланысты республикалық маңызы бар автожолда қозғалысқа тыйым салынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі «112» қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін сағат 10:30-дан бастап күн райының нашарлауына байланысты (қалын тұман) республикалық маңызы бар Екатеринбург қаласы – Алматы қаласы трассасының (1291-1353 шақырым аралығы) «Астана қаласы –Анар бекеті» учаскесі барлық автокөлік түрлеріне жабық, делінген хабарламада.
Бұған дейін «Қазгидромет» РМК Астанада тұман болатынын ескерткен.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстан боксшылары Нью-Делиде алтын жүлде үшін бақ сынайды
Келесі жаңалық
Таразда пластикалық бұйымдар шығаратын цехта өрт болды