Жаңалықтар

Астанадан Сеулге тікелей әуе рейсі қайта ашылды

Астанадан Сеулге тікелей әуе рейсі қайта ашылды
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 16.06.2024 21:17 511

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында тікелей әуе қатынасының ресми ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

15 маусымда Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында тікелей әуе қатынасының ресми ашылу рәсімі өтті.

Биыл ақпан-наурыз айларында екі елдің авиациялық билігінің келіссөздерінің нәтижесінде Астана-Сеул бағыты бойынша әуе қатынасы қалпына келтірілді. Осы келіссөздер барысында екі ел арасындағы әуе рейстерінің санын арттыру мақсатында шарттық-құқықтық базаны кеңейту туралы келісімге қол жеткізілді, - делінген ақпаратта.

Астана-Сеул бағыты бойынша ұшуларды "Эйр Астана" әуекомпаниясы аптасына 2 рет (сәрсенбі және сенбі күндері) "Эйрбас-А321" үлгісіндегі әуе кемелерінде орындайтын болады.

Әуе маршрутты іске қосу Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады, - деп хабарлады комитет өкілдері. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға