Жаңалықтар

Астанадан Семейге екі тоннаға жуық гуманитарлық көмек жөнелтілді

Астанадан Семейге екі тоннаға жуық гуманитарлық көмек жөнелтілді
Фото: Астана қаласы әкімдігі 16.06.2023 21:39 937

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Абай облысындағы төтенше жағдайға байланысты гуманитарлық көмек жиналды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметі бойынша, аталған көмек елорданың Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени бірлестік мүшелері, ассамблеяның өзге де белсенді азаматтары, кәсіпкерлер мен қала тұрғындарының қолдауымен жүзеге асты.

Біз осы мақсатта хабарландыру тараттық. Әлеуметтік желілерде, WhatsApp топтарда, әр мәдени бірлестік өзінің Instagram парақшасында көпшілікті хабардар етті, - деді мекеме басшысы Әділхайыр Мырзаханов.

Оның айтуынша, бұл игі іске елордалық ассамблеяның белсенділері мен кәсіпкерлері, атап айтқанда Башир Солсанов, Наталья Рудой, Хасан Шарипов және Махир Рзаев белсене атсалысты. Сонымен қатар, неміс, белорус, армян, поляк, корей ЭМБ-тер тарапынан қолдау көрсетілді.

Қазір азық-түлік, гигиена құралдары, төсек жабдығы, дәрі-дәрмек, барлығы – 2 тоннаға жуық жүк жиналды. Жүк көлігіне тиелген гуманитарлық көмек межеленген орынға шамамен 10 сағатта жетпек. Көмек өртті сөндіруге қатысқан адамдарға, эвакуация жасалынған адамдарға арналған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға