Астанадан қыс мезгілінде 4 млн текше метрге жуық қар шығарылды

Фото: ©El.kz/Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ
Фото: ©El.kz/Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ
07.02.2024 16:42
634
Астанада соңғы күндері қар мол жауды. Коммуналдық қызметтер тәулік бойғы режимге көшірілді. Қыс мезгілінің басынан бері қар полигондарына 4 млн текше метр қар шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, 7 ақпан күні таңертең қала бойынша қар тазалау жұмысына 1,6 мыңнан астам арнайы техника мен 2,4 мың жол жұмысшы жұмылдырылды.
Өткен түнде қаладан 3 680 рейс арқылы 51,6 мың текше метр қар шығарылды. Қыс мезгілінің басынан бастап полигондарға 4 млн текше метрге жуық қар шығарылды, ол үшін 288 мың рейс жасалды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстанның 12 облысында жол жабылды
Келесі жаңалық
Ақтөбеде ер адам тереңдігі 3 метрге жуық құдыққа құлап кетті