Астанадан Бурабайға арнайы туристік электр пойызы іске қосылды
Вагондар ұлттық стильде безендірілген![Астанадан Бурабайға арнайы туристік электр пойызы іске қосылды Астанадан Бурабайға арнайы туристік электр пойызы іске қосылды](/storage/storage/element/2022/12/22/mainphoto/31544/1200xauto_P7leVP3gX8vJpTwZIrMn2i6wkYRoMcP9MbzkP7iw.jpg)
Фото: qaztourism.kz
Фото: qaztourism.kz
22.12.2022 09:51
1257
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Астана – Көкшетау электр пойызының 2 вагоны таңертең жолға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жолда Бурабайға тоқтайтын электр пойызы күн сайын таңғы сағат 06:03-те «Нұрлы жол» вокзалынан шығып, курортты аймаққа сағат 09:57-де жетеді.
Кері қарай сағат 19:15-те аттанып, Астана-1 станциясына сағат 22:18-де, ал «Нұрлы жол» вокзалына сағат 23:00-де келеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мерекелік безендірілген вагондардың баға айырмашылығы жоқ.
Бүгін іске қосылған туристік пойыз 2023 жылғы қаңтардың соңына дейін жүреді.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Бір күнде 282 адамнан коронавирус анықталды