Астанадан Бакуге аптасына екі рет тікелей ұшуға болады
![Астанадан Бакуге аптасына екі рет тікелей ұшуға болады Астанадан Бакуге аптасына екі рет тікелей ұшуға болады](/storage/storage/element/2023/05/04/mainphoto/48439/1200xauto_cm6l4RSTp2lwQAQx5SFvbwx7sFw04Q7xGDDNiL0Q.jpg)
Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
04.05.2023 02:22
680
Елорда әуежайынан Әзербайжан астанасына аптасына екі рет тікелей ұшуға болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан астанасынан Бакуге рейстер – сейсенбі және жұма күндері, кері бағытта дүйсенбі және бейсенбі күндері ұшады.
Рейстерді ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту Қазақстан мен Әзербайжан мемлекеттері арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді, - делінген мәліметте.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)