Жаңалықтар

Астанадағы Тәуелсіздік көпірінде жол жөндеу жұмыстары қайта басталады

Астанадағы Тәуелсіздік көпірінде жол жөндеу жұмыстары қайта басталады
Фото: Астана қаласы әкімдігі 17.07.2024 22:57 502

18-24 шілде аралығында Тәуелсіздік көпіріне асфальт төсеу жұмыстарын жалғастыру жоспарлануда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 10-20 шілде аралығында асфальтбетон жабынының жоғары қабатын төсеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Тәуелсіздік көпірінің жабылатыны хабарланған болатын. Ауа райына байланысты 14 шілдеден бастап жұмыс тоқтатылып, жол жүру қамтамасыз етілді.

Сондықтан 18 шілде күні сағат 23:00-ден 24 шілде сағат 01:00-ге дейін асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатын төсеу үшін Тәуелсіздік көпіріндегі жол бөлігін ішінара жабу жоспарлануда. Бұл ретте қозғалыс көпірдің бір жағы бойынша екі бағытта да қамтамасыз етілетін болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға