Астанадағы Тәуелсіздік көпірінде қозғалыс ішінара шектеледі
Тәуелсіздік көпіріндегі қозғалыс асфальт төсеу жүргізілетіндіктен, ішінара шектеледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің мәліметінше, 10-20 шілде аралығында Есіл өзені арқылы өтетін Тәуелсіздік көпіріне асфальт жабынның жоғарғы қабаты салынады. Учаскедегі қозғалыс ішінара шектеледі.
2023 жылдың қазан айында жолдардағы кептелісті азайту үшін Есіл өзені арқылы Тәуелсіздік көпірінде жол жабынының төменгі қабаты арқылы өту қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары жалғасуда.
Осы жылдың 10-20 шілде аралығында асфальт-бетон жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бұл ретте қозғалыс көпірдің бір жағы бойынша екі бағытта да қамтамасыз етілетін болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.